Қазақстанда Елбасы есімді 65 адам тұрады

Қазақ бала туғанда есімін ырымдап қояды. Ертеректе «көз тимесін» деп Жаманбай, Тезекбай немесе мезгілге қатысты Дүйсенбі, Сейсенбай деп те ат қоятын. Екіншіден, балаға таудай болсын деп бата беретін қазақ танымал тұлғалардың атымен атауды да жөн санаған.

Мысалы, Абай, Бауыржан, Әнуар секілді. Ал Әлихан есімі әлі де көш бастап тұр. Қыз балалар арасында Медина есімі ең танымалы екен. Әрине қай ата-анада сәбиінің жақсыға тартып, тәуір болып өскенін қалайды. Сол себепті заман жақсарған бүгінгі күні жұрттың көбі үлгі боларлық азаматтың есімі мен әдемі атауға құмар. Елде қазір Елбасы есімді 65 адам тұрады. Ал Нұрсұлтан аттас ерлердің саны 25 660. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы есімнің танымалдығы артқан.

Әсем Алдоңғарқызы, Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы:

- Ұлттық статистика бюросы есімдерге байланысты статистиканы ай сайын жүргізеді. Қазақстан тәуелсіздігімен байланысты есімдер жиі кездесіп жатады. Олар Астана, Атазаң, Тәуелсіздік, Теңге, Елбасы, Қазақстан есімдері кездеседі.