Еліміздің бірнеше аймағында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін

Ертең елдің еліміздің солтүстік-батысында, шығысы мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Түркістан және Жамбыл облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Алматы өңірінде жаңбыр жаууы ықтимал. Елордада күн ала бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз -15-ке дейін төмендейді. 14 желтоқсанда Маңғыстау мен Батыс Қазақстан аймақтарында қалың тұман түседі.