Барыс жылына болжам: халықтың жағдайы қандай болады

Барыс жылы еліміз үшін табысты, берекелі болады. Нумерологтардың болжамы осыған саяды, деп хабарлайды Хабар 24.

Әсіресе логистика, туризмнің дамуына оңтайлы жыл. Ескі жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп. Нумеролог Құралай Бақытқызы барыс жылын жақсылыққа жорып отыр.

Құралай Бақытқызы, нумеролог:

– Алдағы келе жатқан жыл қазақстандықтарға кіріс көп болуы тиіс. Денсаулық бойынша өткен жылы қауіп-қатер жылы болды, келе жатқан жыл шығындар болмауы тиіс және де өсім байқалады. Ковид басыла ма деген үміт бар. 

2022 жыл – берекелі жыл болмақ. Елімізге инвестиция тартуға еш кедергі болмайды. Логистика мен туризмнің дамуына қолайлы мерзім. Импорт пен экспорт еселенеді. Яғни әлеуметтік-экономикалық әлеует артады. Сандарға сенсек, билікте еш өзгеріс байқалмайды. Алайда...

Құралай Бақытқызы, нумеролог

– Су апаты болуы мүмкін. Өткен жылы өрт көп болды. Жер сілкінісі болды. Алдағы жылы көктем айында билік басындағылар құлақ асса деп ойлаймын. Алдын ала шаралар қолданғаны жақсы. Шығын жоқ.

Мемлекет үшін болжам осындай. Жалпы жылдың саны 6. Демек, бойдақтардың бас құрауына, халықтың мүлік иеленуіне және ақша жинауға қолайлы кезең. Айтпақшы, су барысы көк түсті жақсы көреді. Демек, жаңа жылды қою көк киіммен қарсы алсаңыз, молшылыққа кенелесіз. Бастысы, жақсылыққа сеніңіз.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Асхат Қарақойшы