Солтүстікте аяз күшейіп, оңтүстікте жаңбыр жауады

Солтүстікте аяз күшейіп, оңтүстікте жаңбыр жауады

Солтүстік аймақтарда аяз қайта күшейеді. «Қазгидромет» мамандарының болжауынша, 10-12 наурызда теріскейде ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс өңірлерде қар жауып, кейде боран соғады. Оңтүстік облыстарда жаңбыр жауады. Тау бөктерінде жел екпіні секундына 20 метр, кей жерлерде 28 метрге жетуі мүмкін.

Ғалайым Дәулетхан «Қазгидромет» РМК инженер синоптигі:

– 10-12 наурыз аралығында Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициколнның ықпалында болады. Сондықтан да осы аумақта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауаның температурасы төмендейтін болады. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде оңтүстік антициклонның шығуына байланысты жауын-шашын күтіледі. Республианың батыс аумақтарында көбінесе қар жауады, бұрқасын болады. Ал оңтүстік аудандарда көбінесе жауын жауатын болады.