Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады

Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады
Уикипедия

Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің болжамы бойынша кей жерлерде, секундына 23-28 метр жылдамдықта екпінді жел соғады. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау бөктеріндегі өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Дегенмен ел аумағы бойынша күн жылына бастайды.