Әр үйде болуы тиіс гүлдер

Өсімдіктер көмірқышқыл газын оттегіге айналдырады, көзді қуантып, интерьерге сән береді. Сондай-ақ олардың кейбірі ауаны зиянды заттардан тазартып қана қоймай, күйзелісті емдейтінін білесіз бе?

Олай болса, әр үйде болуы тиіс гүлдер туралы білу артық болмас.

Хлорофитум – ауаны тазартады, ылғалдылық деңгейін арттырады.

Алоэ вера – жаралар мен күйіктерді емдеуге көмектеседі.

Сансевиерия – ауаны зиянды қоспалардан тазартады.

Фикус – үйге көшеден кіретін немесе жиһаздар мен әрлеу материалдарынан шығарылатын фенол мен бензолды жояды.

Бегония – ауру қоздырғыштарын өлтіретін фитонцидтерді шығарады.

Герань – бактериялар мен вирустарды, жәндіктерді жояды, адамды тыныштандырады.

Кактус – электромагниттік өрістерден қорғайды.

 

 

Сондай-ақ...