Қазгидромет: күн ысиды

Қазгидромет: күн ысиды

Кешелі бері елде үдеген ақ боран сәл бәсеңсіген секілді. Қауіпті елемей сапарға шыққан біраз жолаушыны құтқарушылар қар құрсауынан алып шықты.

Қазгидромет мамандары алдағы күндерге жағымды болжам жасап отыр. Олардың айтуынша, қазақстандықтар бірер күнде нағыз көктемді сезінеді. Ауа температурасы солтүстік өңірдің өзінде түнгі уақытта 3 градусқа дейін жылынса, Күндіз 10-13 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс өңірлерінде де температура осы шамада болады. Елдің батысы мен оңтүстігінде +15 +23 градусқа дейін жетеді деген болжам бар.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

 - Елімізідің солтүстік аумақтарында нағыз қысқы ауа райын алып келген циклонның артынан батыс антициклоны жылжи бастайды. Онымен республиканың шеткі батыс, солтүстік өңірлерін қоспағанда жауын-шашын тоқтайтын болады. Сондай-ақ келетін антициклон еліміздің барлық аумағында ауа райы температурасын көтереді.