Үй гүлдерін қалай күту керек

Үй гүлдерін қалай күту керек

Үй өсімдіктеріне күтім жасау – бұл нағыз хоббиге айналуы мүмкін жағымды әрекет. Алайда бірнеше маңызды ережелерге құлақ асқан жөн.

Әр гүлге жеке күтім қажет: бірнеше күн бойы топырақ пен өсімдіктің әл-ауқатын бақылаңыз. Негізгі ереже – шектен шықпау. Шамадан тыс суару немесе су құймай қою және шектен тыс күн сәулесі мен қараңғылық гүлдің солуына себеп болады. Апта сайын сарғайған жапырақтар мен жапырақшаларды алып тастауды ұмытпаңыз.

Гүл күтімінің маңызды ережелері:

Температура

Жарық

Ылғалдылық

Қоректік заттар

Үй өсімдіктері 13-24 градус аралығында жақсы өседі, тек экзотикалық сорттар жоғары температураны қажет етеді. Кейбіреулері, керісінше, суықта жақсы өседі. Олар үшін ең жоғары температура — 16 градус.

Гүлдің өсіп-жетілуі үшін оған қолайлы жарықтандыру режимін қамтамасыз ету керек. Егер бұл шарт орындалмаса, онда синтез процестері баяулайды, гүл қажетті қоректік заттарды алмайды және өле бастайды. Жарыққа қол жеткізудің ең оңай жолы - гүлді терезе алдына қою. Жасанды жарықтандыруды қолдануға да болады (күніне кемінде 12 сағат).

Жарық жетіспеушілігінің белгілері:

жапырақтардың бозаруы

терезе жаққа еңкеюі

гүл шықпауы

тым ұзын сабақ

құрғақ жапырақ

Осы белгілерді байқасаңыз, мүмкіндігінше тезірек жарық мөлшерін көбейтіп, гүлді басқа жерге ауыстыруыңыз немесе жасанды жарық көзін орнатуыңыз керек.

Суару ережесі

Суару жиілігі гүлдің түріне ғана емес, сонымен қатар ауа температурасына, топырақтың ылғалдылығына, жарықтандыруға және басқа да көптеген ерекшеліктерге байланысты. Алоэ, агава және шырынды жапырақтары бар басқа өсімдіктер гибискус пен үлкен жапырақтары бар басқа түрлерге қарағанда аз ылғалдылықты қажет етеді. Шамадан тыс суару шіріп кетуге алып келеді.

Біз бұған дейін әр үйде болуы тиіс гүлдер туралы жазған болатынбыз.