Қарағанды өңіріне қалың қар түсті

Ал бүгін таңертең Қарағанды облысының оңтүстік өңірін қалың қар басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шет ауданының кейбір елді мекендері мен Балқаш өңіріне жақын тұстағы тұрғындар табиғаттың тосын мінезіне таң-тамаша болған. Өңірде көптен бері сынап бағасы + 15, 20 градусқа дейін жеткенін ескерсек, бұл нағыз күтпеген жағдай болғанға ұқсайды. Тіпті Балқаш қаласына баратын жолдың кемі 30-40 шақырымын 10 сантиметрге дейін жететін қалың қар басып, жүргізушілерге айтарлықтай қиындық туындаған. Ал синоптиктер болса, бүгін түнгілік облыстың батысы мен шығысына қою тұман түседі деп отыр.