Сәуірдің соңғы күндері еліміздің батыс аймағына нөсер жаңбыр жауады – Қазгидромет

Сәуірдің соңғы күндері еліміздің батыс аймағына нөсер жаңбыр жауады – Қазгидромет
Хабар 24

Синоптиктер 28-30 сәуірде Қазақстанның кей өңірлеріне бұршақ жауатынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ теңіз аудандарынан Қазақстанның батыс аймақтарына циклон ауысады. Бірте-бірте ол шығыс бағытқа қарай жылжып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына әсер ете бастайды. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр, ал 30 сәуірде республиканың батысында нөсер жаңбыр жауады.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысында, 30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде циклон соғады. Бұршақ жауып, күшті дауыл тұрады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, ол оңтүстікте және оңтүстік–шығыста екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.