Елордадағы Жеңіс даңғылы учаскесі толығымен жабылды

Елордадағы Жеңіс даңғылы учаскесі толығымен жабылды
Алау ТВ

6 маусым күні Елорданың Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Мәскеу көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлады Elorda.info.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жеңіс даңғылындағы жол төсемін орташа жөңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Сол себепті Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.