loader

Пойыз билетін жеңілдікпен сатып алуға болады Tengrinews

Пойыз билетін жеңілдікпен сатып алуға болады

2022 жылдың 15 маусымынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ әлеуметтік маңызы бар бағыттарға (2022 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша 38 маршрут) пойызбен жиі саяхаттайтын жолаушылар жаңа «Күміс» дисконттық картасымен билет құнының 25% үнемдей алады.

Бұл туралы Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Күміс» дисконттық картасының құны – 7999 теңге. Оның жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап бір жыл. Дисконттық картаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Ол дербес болып табылады және 16 жастан асқан жолаушыларға арналған. билеттерді офлайн/онлайн сатып алу кезінде картаны пайдалануға болады.

 Жоба пилоттық болғандықтан, карталар саны шектеулі.

Жол жүру құжаты (билет) тек бір жеңілдік тарифтік шарты бойынша сатылады және басқа жеңілдікті тарифтік шарттармен жинақталмайды. Барлық қосымша ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында дисконттық картаны ресімдеу және сатып алу кезінде нақтылауға болады.

 Жеңілдігі бар жолаушыларды теміржол билеттерін ресімдеу және сатып алу кезінде мұқият болуды және «жеңілдіктер» немесе «төмен бағалар» санатын дұрыс таңдауды сұраймыз.

Сондай-ақ, «Алтын», «Саяхатшы» және «Жастар» дисконт карталарының бар екендігін еске саламыз.

Жеңілдік 38 бағыт бойынша қатынайтын пойыздарға ғана жарамды. Бағыттардың тізімі туралы толығырақ https://bilet.railways.kz/post/discount-cards-kumis сілтемесі арқылы білуге болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Сондай-ақ...