Еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы 40-45 градусқа дейін көтеріледі

Алдағы күндері де тұрғындарға көлеңкені саялауға тура келеді. Бүгін бірқатар өңірде төбеден төнген күн температурасы 40-45 градусқа дейін көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті, кей аймақтарда төтенше өрт қаупі бар.

Атап айтсақ, тілсіз жау Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының батысында және Павладордың оңтүстігінде қауіп төндіріп тұр. Ал солтүстік Павлодарда керісінше найзағай, бұршақ, дауыл болады.

Қарағанды, Ұлытау, Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында сынап бағанасы 40 градусқа дейін барады. Сонымен қатар, солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтілуде. Мұндағы желдің екпіні секундына 15-20 метр болмақ.