Елорда мен еліміздің 11 облысында ескерту жарияланды

Елорда мен еліміздің 11 облысында ескерту жарияланды

Елорда мен 11 облыста күн райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Ақмола облысында жел күшейіп, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстік циклон демалыс күндері еліміздің басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі. Алматы, Ақтөбе, Абай облыстарында 38-градусқа дейін ыстық болады. Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде найзағай ойнайды. Әсіресе еліміздің батыс өңірлерінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Атырау мен Маңғыстау облыстарында 42-градус аптап ыстық жалғасады.