Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазгидромет ауа райының бұзылуына елдің басым бөлігінде ескерту жариялады.

1 тамызда Абай облысының батысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында жел екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

1 тамыз күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

1 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Түнде облыстың шығысында, орталығында тұман түседі.

Нұр-Сұлтан қаласында 1 тамыз таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

1 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында найзағай жарқылдайды.

1 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында күн күркіреп, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, шығысында найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде жел қарқыны 15 м/с жетеді.

1 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамыз күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман түседі.

1 тамыз күндіз Павлодар облысының шығысыңда нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, шығысыңда бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде облыстың орталығында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді.

1 тамыз таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні - 15-20 м/с.