Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейеді

Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейеді

Бүгін оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады.

Ал солтүстік, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақталады. Осыған байланысты өңірлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ел бойынша кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай өңірінің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.