Алдағы үш тәулікте ауа райы жылы болады

Алдағы 3 күн тұрғындарды жауын-шашынсыз, жылы ауа райымен қуантады.

Солтүстік аймақтарда күндіз 8-13-тен 15-20 градусқа дейін жылы болады. Оңтүстік өңірлерде температура 20-25 градус аралығында сақталады. Елдің шығысында да, алдағы күндері күн ашық болады деп болжанып отыр. Тек Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандары мен оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында, жаңбыр мен жылбысқы қар жаууы мүмкін.