Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн құбылып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар жауады. Дәл осы күні Шығыс Қазақстанда, ал 7 және 8 қарашада оңтүстік аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады деген ақпарат бар. Желдің екіпіні де күшейеді.