Нотариус, адвокат пен сот орындаушысының қызметтерін онлайн алуға болады
Қазақстандықтар нотариус, адвокат пен сот орындаушының қызметтерін онлайн ала алады.
Әділет министрлігінде осындай жаңа цифрлық жобалар іске қосылады. Мысалы, енді сенімхатты рәсімдеу процесін электрондық форматқа ауыстыру жоспарланып отыр. Егер бұрын ол үшін құжат жинап, маманға бару керек болса, бұдан былай бұл қызметті үйден шықпай алуға болады.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Біздің жоба бойынша үйде отырып, онлайн нотариус арқылы видеохабарласу арқылы қосылып еговтің материалдарын ала отырып, биометриалық дәлелдеу арқылы біз онлайн сенімхатты беру мүмкіндігін көздедік. Және де нотариус сол онлайн жасалған сенімхатты дүниежүзінің кез келген нүктеден жібере лады. Сіз барып ала аласыз.