Сайлаушылар тізімінен өзіңді қалай табуға болады?

Бұл үшін учаскелік сайлау комиссиясына немесе жергілікті әкімдіктер ұйымдастырған ақпарат орталығына хабарласуға болады.

Болмаса онлайн - сервиске кіріп өз тегіңізді теріп біле аласыз. Ал егер тізімде болмай қалсаңыз, онда сайлау комиссияларының мүшелеріне жазбаша өтініш жазу керек. Сайлаушы сайлау күні тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алмаса, учаскелік комиссиядан есептен шығару куәлігін алуға болады. Ол орналасқан жері бойынша дауыс беруге мүмкіндік береді. Еліміз бойынша 12 миллионға жуық адам дауыс беруге құқылы.