Мереке күндері қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Ішкі істер министрлігі мереке күндері қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырды.
Бұл үшін арнайы жедел топтар да жасақталды. Осы орайда барлық өңір бойынша 20 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан жауынгері жұмылдырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік полиция департаменттерінің жеке құрамымен жедел өткізген кеңес барысында мәлімдеді. Ол азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет екендігін атап өтті.