Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жетісу облысында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстаудың батысында, оңтүстігі және орталығында да қатты жел тұрып, шаңды дауылға ұласады. Ақмола облысында боран, көктайғақ және өңірдің батысын, шығысы мен оңтүстігін қалың тұман торлайды. Абай облысында да жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Жылдамдығы секундына кей жерлерде 25 метрге дейін жететін жел тұрады. Дәл осындай жағдай Павлодар, Атырау, Қарағанды облыстарында да күтіледі. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.