Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК дерегі бойынша Астана мен елдің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

2 желтоқсанда Астана мен Атырау облысында боран соғып, көктайғақ болады. Тұман түсуі ықтимал. 

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігіне оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың көп бөлігінде жылдамдығы 15-20, орталығында секундына 23 метрге жетуі мүмкін. 

Ақмола облысында боран, көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысы, оңтүстігі мен шығысына оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады. 

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Облыстың батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде облыстың батысы, оңтүстігінде, күндіз оңтүстік, солтүстік, шығысында 15-20 м/с дейін барады. 

Маңғыстау және Ұлытау облыстарында тұман түседі. 

Қостанай облысында боран, көктайғақ, тұман болуы ықтимал. Түнде облыстың батысы, солтүстігі, күндіз көп бөлігіне оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Атырау облысында тұман түседі. Түнде облыстың батысына, күндіз көп бөлігіне оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Павлодар облысында көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батысы мен оңтүстігіне оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге барады. 

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігі мен батысында, күндіз солтүстігі, батысы, оңтүстігінде жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз жел екпіні облыстың оңтүстігі мен батысында 25 м/с дейін барады.