Биыл қыс қандай болады?

Биылғы қыс жылы болады.

Қазгидромет мамандарының болжамы осындай.

Еліміздің аумағындағы температура жылдағы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Мамандар мұны қалыпты жағдайдан ауытқу деп санамайды. Олар 2001-2002 жылдары дәл осындай қыс болғанын алға тартып отыр. Десе де,  желтоқсанда бұрқасын жел, қаңтарда қалың қар, ақпанда суық күндер болады. Еліміздің солтүстігі мен шығысын және орталығын шыңылтыр аяз қысуы ықтимал. Ауа температурасы -18 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде термометр нөлден жоғары болады.