Былтыр елде 18 рет жаппай улану дерегі тіркелген

Былтыр елде 18 рет жаппай улану дерегі тіркелген.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мұндай жағдайлардың көбі қоғамдық тамақтану орындарында болған. Ал қалғаны білім беру ұйымдары мен дүкендерге қатысты болып отыр. Мамандар әр тауардың жарамдылық мерзімін мұқият тексеріп шығуға кеңес береді. Ал дәмханаларда қызметкерлердің санитарлық талаптарды қаншалықты сақтап жатқанына мән беруді ескертеді.

дәмханаларда - 11

білім беру ұйымдарында - 5

сауда орындарында - 2

зардап шекті - 731 адам

балалар - 79%