Елордалық нейрохирургтар миға бірегей операция жасады
Астанадағы Ұлттық ғылыми медицина орталығында миға бірегей операция жасалды, деп хабарлайды 24kz.
Жас пациенттің қос жанарын сақтап қалу үшін ақхалаттылар 13 сағат тер төкті. Күрделі отаның нәтижесі қандай?
Тоқтар Қалмаханұлы миында ісік барын кездейсоқ білген. 18 жастағы жігіттің оң көзі сыр бере бастаған соң ол алдымен көз дәрігеріне барған. Ал окулист көру қабілетінің бұзылуы мидағы өзгерістерден болуы мүмкін деп науқасты нейрохирургке жібереді.
Бағлан Қалмаханұлы, Түркістан облысының тұрғыны, емделушінің ағасы:
- Бұның алғашқы симптомдары көзі, оң жақ көзі бір жағына қарай толық бұрылмай қалды. Бірден окулистке апардық бірінші. Ол кісі білікті маман болып шықты, бірден айтты сіздерге нейрохирургке бару керек деп. Көз жағынан бәрі дұрыс деп. Бұл бас ауырып, бірден білінбеді ғой басында ісік бар екені. МРТ-ға түсіріп едік, ісік бар екені анықталды.
Осылайша, Тоқтар Қалмаханұлы порталмен кезекке тұрып, Түркістаннан Астанадағы Ұлттық ғылыми медицина орталығына түскен. Бір апта бұрын оның басына өте күрделі операция жасалды. Елордалық нейрохирургтар ми негізінде өскен ісікті алуға 13 сағат жұмсаған.
Cерік Дүйсенбі, Ұлттық ғылыми медицина орталығының нейрохирургия бөлімінің басшысы:
- Кордома деп диагноз қойып отырмыз, ол мидың ішіндегі ісікке жатпайды. Мидың астыңғы негізіндегі каверноз синустың қапшығының ішіндегі ісікке жатады. Барлық көздерін орап өскен. Оның үстіне каратут артериясын орап өскен. Соған мысалы мидың қан айнаслысын жақсарту үшін мидың сыртқы қан тамыры мидың ішкі қан тамырларын жалғау арқылы қанды сыртынан өткізіп, сол арқылы каверноз синустың ішіндегі ісікті толығымен алып тастау операциясын жүргіздік.
Үлкен қауіпке қарамастан операция сәтті аяқталды. Қазір емделушінің қол-аяғы сау, көзі жақсы көреді, жағдайы оңалды.
Ісік мидың жүрек, көз, құлақ, тыныс алу қызметтеріне жауап беретін бөлігіне жақын орналасқан. Сондықтан сау тіндерді зақымдамай ісікті алып тастау қиынға соқты дейді дәрігер. Бірақ абырой болғанда, операция оң нәтиже берді.
Cерік Дүйсенбі, Ұлттық ғылыми медицина орталығының нейрохирургия бөлімінің басшысы:
- Енді мына ми негіздерінің ісіктері негізі бір айтатын сөз енді ми негізінің ісіктері бұл мидың негізінде кеңістік сәл кең болады да көбінде байқалмайды. Сол үшін мен ойлаймын, ауру белгісі байқалған кезде дер кезінде докторға көріну керек. Сізде көзде болмаса иіс сезуде, екі көру, көзінің көруі әлсіреу, құлағы естімеу сол сияқты жағдайлар болғанда бірден ең аз дегенде бір КТ-ға түсіп миды бір қарата салу керек негізінен.
Ұлттық ғылыми медицина орталығында осындай оперциялар 2020 жылдан бері жасалады. Ел азаматтары үшін күрделі операция медицицналық сқатандыру аясында тегін. Бұдан бөлек, орталық қантамыр және ми негіздерінің ісіктерін емдейді.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Дияс Ковланбае