Жамбыл облысындағы ең бойшаң адам Шу ауданында тұрады
Бегали Фазлиевтың бойы 2 метр 8 сантиметр болса, аяқ киімінің өлшемі 48 сантиметр.
Оның інісі де сұңғақ бойлы, ағасынан 2 сантиметр ғана кіші. Әкесі де бойшаң. Сондықтан Қонаев ауылының тұрғындары бұл жанұяны «алыптар отбасы» деп атап кеткен. Бегали жастайынын спортты жанына серік етіп өскен. 32 жастағы ол студенттік кезде Қырғызстанда білім алып біраз жетістікке жетсе де қазір өзі туған ауылында жаттықтырушы боп істейді.
Бегали Фазлиев, Қонаев ауылының тұрғыны:
- 8-9 сыныптан бастап ең бойлы мен болдым ғой. Сол мектепті бітіргеннен кейін Қырғызстанға спорт академияға түстіп баскетболдан. Оқыдым, сборный Қырғызстанда ойнадық. Оқуды бітіргеннен кейін қазір үйге қайттым. 3 группа балдаоым бар. Әр группада 18-20 баладан 60 бала бар. Соларды тренировать етемін.