Алматыдағы медицина университетінде жылына 20 мыңнан астам маманы біліктілігін арттырады

Алматыдағы медицина университетінде жылына 20 мыңнан аса денсаулық сақтау саласының маманы біліктілігін көтереді.

Министрлік бекіткен бағдарламаға сәйкес, қазір дәрігерлер аллергиялық шок кезінде жедел әрекет ету дағдыларын үйреніп жатыр. Бұдан бөлек мамандар қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебінде медицинаның 20-дан астам бағыты бойынша оқу-тәжірибелік курстарынан өте алады. Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды біліктілікті арттыру жылы деп жариялаған болатын. Енді кез келген оқу орталығы дәрігерлерге курс өткізіп, құжат бере алмайды. Бұл құжат Электронды лицензиялау арнайы порталы арқылы рұқсат етілген білім ошақтарында, ғылыми-зерттеу  институттарында, медициналық университеттер мен колледжерде оқыған мамандарға ғана берілетін болды. Бұл жалған құжат беру, сапасыз курстар жүргізуге шектеу қояды.

Құралбай Құрақбаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

- 2020 жылы өздеріңіз білесіздер ковидтің карантині пайда болды. Ол көп өзгеріс алып келді, ол бұрынғы қалыптасып қалған емдеу практикаларының өзіне көп жаңалықтар енгізіп жатыр. Ұйымдастыру бағытының өзіне көптеген жаңалықтар енгізіп жатыр. Соның барлығы уақытылы білімді көтеруге, жаңа инновациялық технологиялармен танысуға біраз әсерін тигізді.