Онкоскринингті баршаға қолжетімді ету ұсынылды
Елде онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін жасалатын скринингтік зерттеулер баршаға қолжетімді болуы мүмкін.
Оны Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі санатына жатқызу ұсынылды. Сонда азаматтар сақтандыру мәртебесіне қарамастан, онкоскринингтен тегін өте алады. Мәжіліс осы және өзге де бірқатар заңнамалық түзетуді мақұлдады. Құжатта сондай-ақ жергілікті жерлерде мүгедектігі жоқ, бірақ есту қабілеті бұзылған тұрғындарды есту аппаратымен қамту нормасы қарастырылған. Әкімдіктер құрылғыларды бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етуі тиіс. Келесі түзету Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарына резидентура бойынша оқытуды өз бетінше жүзеге асыруға рұқсат беруді көздейді. Сондай-ақ шартты түрде сотталғандардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салу ұсынылды.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жаман аурудың бір ерекшелігі оны анықтау өте қиын. Скрининг болмаса басқа болмаса оның симптомдары пайда болғанда ол үшінші, төртінші деңгейге жетіп кетед. сондықтан біздің қабылдаған шешіміміз енді осы 3 жарым млн МӘМС-пен қамтылмаған азаматты ақысыз онкология бойынша скринингтен өтуге мүмкіндік алып отыр яғни ГОБМП-ның ішіне кірді бұл өте үлкен жеңіс. Бюджет бұған қосымша қаражат бөлді.