Алматы облысында жұқпалы вирус өршіп тұр
Өңірде жыл басынан бері тыныс алу жолдарының респираторлық вирусты инфекциясы белгілері бар 207 мыңнан астам тұрғын медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды 24KZ. Науқастардың 60%-і – 14 жасқа дейінгі бала. Тұмауға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу барысында сырқаттану белгілері бар 800-ден астам адам зерттеліп, 58 науқастан тұмау вирустары анықталды.
Мақпал Еділқызы, Қонаев қаласының тұрғыны:
- Қазіргі таңда біздер ауруханада ем алып жатырмыз. Жатқанымызға бүгін бесінші күн. Баланың жағдайы жақсы. Қазір көктем мезгілі келе жатыр. Балалардың денсаулығына немқұрайлылық танытпаңыздар. Уақытылы емдік шараларын алыңыздар дегім келеді.
Гүлсара Құмарбекова, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігері:
- Қонаев қаласында да қазіргі таңда жіті респираторлық ауру өршіп тұр. 60, 70-80%-і балалар бізде көбіне келетін. Вирустан сақтанудың жолдары бар. Дұрыс су ішуді балаларға үйрету керек. Қоғамдық орындарға, көп адам шоғырланатын жерлерге маска кигізіп жіберіңіздер. Одан қалса ата-аналарға беретін кеңесім, балалардың тамақтануын бірінші орында жөндеу керек.