Реаниматолог – жауапкершілігі жоғары мамандық

«Өмір мен өлім күреске түскен сәтте қателесуге қақым жоқ».

Бұл нейрохирургия орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Назерке Мұстафинаның өмірлік қағидасы. Жауапкершілік жүгі ауыр болса да, Назерке үшін дертіне дауа іздеп келген жанды ажалдан арашалау – күнделікті міндеті. Ал көптің алғысын алу – үлкен бақыт, дейді.

Ауруханадағы әрбір науқас операцияға дейін анестезиологтың алдына барады. Операцияның сәтті өтуі тікелей осы маманға байланысты. Себебі сырқаттың алдындағы қорқынышты басып, жәрдемдесетін, ауырсынуды сезбеуге көмектесетін дәріні де анестезиолог тағайындайды. Емделушіні наркоздан кейін  жіті бақылайтын осы маман. Бірнеше сағатқа созылатын күрделі операцияларға да қатысып, науқастың жағдайын қадағалайды.

- Бас мейірбике, көмекші, наркоз дайын. Бастауға бола ма?

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз бірінші санаттағы анестезиолог-реаниматолог дәрігер Назерке Мұстафина. Жауапкершілігі көп осы қызметте жүргеніне 11 жыл болыпты.  Бір күнде бірнеше науқасты операцияға дайындап, тыным таппайды. Аяулы жар, үш баланың анасы. Отбасымен жұмысын қатар алып жүрген жауапты маман жайлы әріптестері осылай дейді.

Айнұр Қуатқызы тілші:

- Операция дегенде бізге тек хирургтердің жұмысы елестейтіні рас. Онда анестезиолог-реаниматолог сынды өзге де мамандар бар ғой. Біз бүгін Назерке ханымның жұмысын түсіруге келдік. Жүріңіз бірге көрейік.

Назерке Мұстафина, анестезиолог-реаниматолог дәрігер:

- Бұл анестезиология және қарқынды терапия бөлімі. Бұл жерде ауыр жағдайдағы науқастарды операцияға дайындаймыз немесе операциядан кейін наркоздағы науқастарды оятамыз.Одан кейін жағдайы тұрақталғанша қарқынды терапия көрсетеміз.

- Қолды антисептикпен сүртпесек есік ашылмайды екен.

Бірінші реанимация бөліміне кірерден бұрын масочный режим болғандықтан бірінші бетперде киіп аламыз. Одан кейін қолымызды тазалап аламыз. Бұл бөлімшеде солай қолға оброботка жасалмаса мына есік ашылмайды. 

- «Кот синий» шұғыл көмек қажет деп үшеуі жүгіріп кетеді. 

Мамандықты әбден меңгердім деп толысуға болмайды. Күн сайын өз-өзіңді жетілдіріп отыру керек. Аманатқа  адал  дәрігер, адамның тәнін ғана емес жанын да емдей алады, дейді реаниматолог дәрігер.

Назерке Мұстафина, анестезиолог-реаниматолог:

- Бұл операция бөлімі. Мұнда қандай науқасқа қандай операция жасайды сол туралы жазылған. Операцияға кірерден бұрын қолды тазартып міндетті түрде маска, киімдерімізді ауыстырып барып кіреміз.

Операция барысында науқастың өмірлік қызметін бақылауда ұстаймыз. Науастың демалысы, қысымы, пулсі, аппаратпен басқарылады. Соның барлығын қадағалап, операция бойы қараймыз.  

Оразғали Құрманбаев, анестезиолог-реаниматолог дәрігер:

- Назерке Советханқызы білімі мол, жұмыста ұқыпты жас маманның бірі. Науқастарға жанашырлықпен қарайды. Клиникалық күрделі жағдайларда жылдам шешім таба біледі. 

Алдына келген әр емделушіге жеке дара көңіл бөлу Назерке үшін әсте қиын емес. Себебі емделушімен қатар өзінің де көңіл-күйі тұрақты болуы қажет. Тек дертіне шипа іздеп келгендер аман қалса екен дейді. Алайда кейде бәрі ойдағыдай бола бермейді...

Назерке Мұстафина, анестезиолог-реаниматолог дәрігер:

- Дәрігер үшін ең қиыны өзінің пациентін жоғалту. Өмірімде алғаш пациентімді жоғалту мен үшін өте қиын болды. Алғаш өліммен бетпе-бет келуім. Бұл жерде 1 жастағы кішкентай бала еді. Өте ауыр болды. 

Түрлі кеселден құлан таза айығып шыққандар көшеде көріп қалса ерекше ілтипат көрсетіп, ізеттілік танытып жатады, - дейді дәрігер. Антына адалдық танытқан ақ халатты үшін алғыстан асқан бақыт жоқ. 

Айнұр Қуатқызы, Мұрат Әріпханов