ШҚО-да онкоскринингтен өтетін әйелдерге жеңілдік жасалады

Шығыс Қазақстанда онкологиялық скринингтен өтетін әйелдерге жеңілдіктер жасалып отыр, деп хабарлайды 24kz.

Мәселен, енді оларға анықтама алу үшін алдын ала жазылыудың қажеті жоқ. Тек жайлы автобусқа отырып, облыс орталығына жетсе болғаны. Жол шығыны да бюджет есебінен өтеледі. Кешенді медициналық тексеруден әзірге облыс орталығынан шалғай Марқакөл, Зайсан, Қатонқарағай,Тарбағатай  өңірінің тұрғындары өтті. Мамандар ерте диагностика жасаудың маңызы зор деген пікірде. Былтыр аймақта қатерлі ісік ауруларының көрсеткіші 2 процентке төмендеген.

Ақерке Рахымбаева, Қатонқарағай аудандық ауруханасының медбикесі:

- Бізде келген адамдардың арасында дәрігерлер де бар, техработниктер де бар, балаларын күтумен отырған аналар да бар, өтіп жатқандарына қуаныштымыз.

Шолпан Нұрғалиева, ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Ендігі жоспарда ер азаматтарға арналған чекап  және де осы чекап түрі осы алыс аудандарда тұратын тұрғындарымызға арналған. Ол кісілер дер уақытта өздерінде осындай тексеру өте алмағандықтан, осындай барлығын бір автобуспен кеп, бір күнде өтіп, өте жақсы пікір алып жатырмыз.