Елордада алғаш рет жамбасында кінәраты бар жеткіншекке операция жасалды
Науқастың 4 жылдан бері жүріп тұруы қиындаған. №2 аурухана мамандарының біліктілігінің арқасында жасөспірімге дер кезінде көмек көрсетілді, деп хабарлайды 24kz.
«Қазір жағдай жақсы», - дейді ақ халаттылар. Жалпы мұндай сырқат түрі жас талғамайтынын көрінеді. «Уақтылы ем алса, құлан таза жазылып кетуі мүмкін», - дейді.
Агабек Чикинаев, №2 аурухана балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі:
- Бұрын ондай оталар тек үлкен кісілерге жасалатын. Балалар ауруханасында ол бірінші рет. Сондай балалар өте көп. Жамбас ауруы сынғаннан болады, туа біткен жағдайлары да. Ісік ауруларынан. Сондай жасы жеткенде 18-ге емделеді. 18-ге жеткенше бала қиналады. Біздің мақсатымыз – 18-ді тоспай, ем алып, жақсылық жасау.