«Туберкулезден азат Орталық Азия» декларациясы қабылданды
Жыл сайын Орталық Азияда 35 мың адам туберкулезге шалдығады.
Соның 8 мыңының дәрмені дәріге тәуелді. Кері көрсеткіш салыстырмалы түрде кеми түссе де, құрт ауруынан түбегейлі құтылу оңай емес. Сондықтан дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен "Туберкулезден азат Орталық Азия" атты декларация қабылданды. Бес ел бірлесе туберкулезбен күрестің 2030 жылға дейінгі межесін бекітті. Өзара стратегиялық алаң ашып, ақпарат алмасады. Яғни алғашқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, қоғамдастық деңгейінде бағдарламалар дайындап, сапалы қызмет көрсетуді көздеп отыр.
Асқар Еділбаев, ДДСҰ Еуропалық аймақтағы туберкулез бойынша кеңесші:
- Бұл ортақ проблемаларды шешу үшін қабылданған құжат. Мысалы, дәрі-дәрмек, көші-қон бағыттарында да бірлесе әрекет етеді. Яғни тараптар жүктелген міндеттерді орындау арқылы жұқпалы аурудың алдын алуға және белсенді күресуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ декларация ұлттық стратегиялық жоспармен қоса тәжірибелік шешімдерді әзірлеуге септігін тигізеді. Туберкулезді емдеудің барлық кезеңінде денсаулық сақтаудың инновациялық қызметтері ұсынылады.