Астаналық кардиохирургтар жүрек ақауын жаңа әдіспен емдей бастады

Елордалық кардиохирургтар жүрек ақауына шалдыққан балаларға операцияны тың әдіспен жасай бастады.

Биылдан бастап қолға алынған жаңа технологияның арқасында науқастың сауығу мерзімі айтарлықтай уақытта қысқа өтеді, дейді дәрігерлер. Үш айда 30 операция сәтті орындалған. Осындай аз инвазивті әдістің тиімділігі бүгінде АҚШ, Германия және Франция елдерінде дәлелденген. Бүгін міне  Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Ұлттық ғылыми медициналық орталықта тағы бір операция ойдағыдай өтті.

Дәрігерлер бұны минималды инвазивті хирургия санатына жатқызады. Қарапайым тілмен айтқанда, операция кезінде денеге зақым аз келіп, науқастың тезірек аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік бар. Бүгінде бауыр еті баласының жүрегінен ақау табылған көп отбасы бұл операцияға үміт артып отыр. Соның бірі Түркістан облысынан келген көпбалалы ана Балжан Аханбаева. Екі жасар қызының дерттен айығуына елордалық хирургтар септесетініне сенімі зор.

Балжан Аханбаева, Түркістан облысының тұрғыны:

- Леңгірден келдім. жүктілік кезінде ешқандай ақау болған жоқ менде. 1 жасында жөтеліп бастады. Докторға апарған кезде жүрегінде ақауы бар деп айтты. операция істемесек болмайды деді. құдай қаласа жақсы болса шығамыз деген үміттеміз 1 аптада. 

Тың әдісті операция кішкентай Елданаға дейін 30 адамға жасалып, барлығы дерлік сәтті өтті. Дәрігерлер бұрынғыдай науқастың кеуде тұсына тілік салмай-ақ, қабырға жағынан ғана скальпельдің шағын ізін қалдырады. 

Бақытжан Нұркеев, балалар кардиохирургы:

- Бізде қазір клиникада жаңа технология енгізіліп жатыр. Біз бұрыны грудная полость деп айтамыз төс сүйегін кеіп ашатын болсақ, қазір кеспей мини инвазивті доступпен біз күрделі оталарды жасаймыз. Жаңа технологияда бұған корсет ешқандай қажет етілмейді жаңағы реабилитация аз болады. 

Бұған дейін науқастар операциядан кейін бірнеше ай ауруханада жатып қалыпқа келетін. Қазір оған 7-8 күн ғана қажет. Елордалық кардиохирургтар жүрек ақауы түрінің 60 пайызын осы әдіспен емдеуге болатынын айтады.

Амангелді Керімқұлов, "ҰҒМО" АҚ Балалар кардиохирургиялық клиникасының директоры:

- 21 жыл бұрын ең бірінші операция осы біздің орталықта жасалды. Содан бері көптеген емду тәсілдері, көптеген оталардың түрлері клиникада жасалды. Қазір жақсы жүріп жатыр мемлекетіміздің қолдауымен осы жылдапн бастап жаңа тағы бр әдісті енгізіп жатырмыз. Одан әрі дамыту ойымызда үлкен мақсатымыз бар.

Елде жыл сайын 3 мыңға жуық бала жүрек ақауымен дүниеге келеді. Олардың барлығына хирургиялық ем қажет. Ал біз сөз еткен аз инвазивті әдіс тек елордадағы Балалар кардиохирургиялық орталығында жасалады. Оған қазірдің өзінде 100-ге жуық бала кезекте тұр. 

Рухани Әбдірахман, Бағдат Қайыркен