Қызылша және көкжөтелге шалдыққандардың 70%-ы екпе алмаған

Қызылша мен көкжөтел тыйылмай тұр. Сырқаттардың 70%-ы – ауруға қарсы екпе алмаған және 5 жасқа толмаған бала.

Мамандарды дерттің жыл сайын өршіп бара жатқаны алаңдатады. Бұл мәселе Еуропа иммундау апталығы аясында Алматыда өткен халықаралық конференцияда талқыланды. Дәрігерлер аурудың алдын алу жолдарын пысықтап, тәжірибе алмасты.

Айта кеткен жөн, былтыр елде дифтерия, сіреспе және полиомиелит аурулары тіркелген жоқ. Сонымен қатар вирусты гепатит, қызамық, паротит ауруына шалдыққандар кеміген.