Елімізде буын аурулары «жасарып» барады
Соңғы бес жылда буын аурулары жасарып барады.
Жастар арасында жамбас, тізе, иық буындарының сырқаттары жиі кездеседі, дейді ортопед дәрігерлер. Бұл мәселе әлемдік ғылыми қауымдастықты да алаңдатып отыр. Буын ауруларын емдеуде қандай заманауи әдістер қолданылуда? Дерттің алдын алу үшін не істеу керек?
Өз еркіңмен, ауырсынусыз қозғалудың нағыз бақыт екенін сырқатқа шалдыққанда сезіндік, - дейді Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында ем қабылдап жатқан науқастар. Жалпы буын ауруларының түрі көп. Елімізде оларды емдеп жазудың заманауи әдістері қолданылуда. Жылына 6 мыңға жуық буын ауыстыру операциялары жасалады. Өкінішке қарай, олардың 15 проценті асқынумен аяқталады екен.
Ерсін Жүнісов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, орталықтың бас директоры:
- Орталық Азияда алғашқы болып, буын ауыстырған операциялардан кейін кейбір пациенттерде буындары қимылдамай қатып қалады, соны ашпай жабық емдеу әдістерін енгізіп жатырмыз. Ол әлемде 5-7 жылда дамып жатқан технология. Қазақстанда біздің орталықта ғана енгізіліп жатыр.
Буын аурулары жазым болып, жарақат алған соң немесе жүре пайда болады. Ең бастысы асқындырып алмау.
Баян Бозымбаева, емделуші:
-Операция жасады, белімнен грыжаны алып тастады, омыртқаларымды бекітіп берді. Қазір жақсымын, Шүкір Алллаға, жасап жатқан врачтарға рақмет! 004658 Бүгін тұрып жүрдім, кешегіден жақсы жүрдім. Шүкір Аллаға!
Гүлмира Садиева, емделуші:
- Кокс артроз деген мына аяқтарды ұстап қалады екен, бүгілмей ашылмай аяқтарым бір-біріне жабысып сөйтіп жүре алмай қалғанмын. Қазір шапқылап жүгіріп жүрмін, осы кісілердің арқасында. Бірінші оң аяғыма жасатқанмын, бір жыл өткен соң сол жақ аяғыма жасаттым.
Бір өкініштісі, соңғы жылдары жастар арасында буын аурулары жиі кезедеседі, дейді дәрігерлер. Оның нақты себебі әзірге белгісіз. Жамбас қуысының асептикалық микрозы, яғни, сүйектің басының желінуі, тізе буынының артрозы, иық буынының дегенеративті өзгерістері көп анықталуда.
Ерсін Жүнісов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, орталықтың бас директоры:
- Соңғы 5 жылдың ішінде буын сырқаттарының ішінде жастардың үлес салмағы күрт өсіп кетті. Негізгі себептерінің бірі: ковид әсер етті деген сондай ұғым бар. 002357Екінші көзқарас та бар сол уақытта гормоналды препараттар да көп қабылдады, бұл гормоналды стероидты артриттер болуы мүмкін деген. Толық шешім табылған жоқ. Бірақ дискуссия жүріп жатыр.
Дерттің алдын алудың бір жолы – қимыл-қозғалысты әдетке айналдыру, дейді дәрігерлер. Орталық науқастарды емдеуге ғана емес, ғылыми бағытқа да көңіл бөледі. 12 мемлекетпен инновациялық технологияларды дамыту жобалары жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 20-дан астам ғылыми жаңалықты патенттеген. Енді Қазақстанда ортопедия, травматологияда қажет медициналық өнімдерді шығаратын өндіріс құруды қолға алып жатыр.
Гүлжан Көленқызы, Сұлтан Бейсекенов