Бірыңғай мемлекеттік медициналық көмек пакеті құрылады
Енді азаматтардың сақтандырылған мәртебесіне қарамастан әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте кезеңде тегін анықтауға болады.
Бұл үшін елде бірыңғай мемлекеттік медициналық көмек пакеті құрылады. Мәжіліс екінші оқылымда "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Онда мемлекет кепілдік беретін пакет және оның мүмкіндіктері ұсынылған. Пакет бюджет есебінен қаржыландырылады. Одан тыс қызметтер сақтандыру жүйесі арқылы төленеді. Бірыңғай медициналық көмек пакеті кең таралған аурулар бойынша базалық медициналық көмекті қамтамасыз етеді. Аталған заң жобасы мемлекет кепілдіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.