Астаналық 15 мыңнан астам зейнеткер салауатты өмір салтын ұстанып жүр
Астаналық 15 мыңнан астам зейнеткер таң атпай тұрып, салауатты өмір салтын ұстанып жүр.
3 жылдан бері спортты серік еткен олар таза ауада жаттығып, серуендеуді әдетке айналдырған. Игі іс қаладағы Белсенді өмір сүру орталықтарының көмегімен жүзеге асып жатыр.
Таңат Тілеукенов ұзақ жылдар экономист-есепші болып қызмет еткен. Зейнетке шыққалы йогаға жазылып, таңғы жаттығуларға белсене қатысып жүр. Соның арқасында қазір өзімді эмоционалды тұрғыда еркін әрі жеңіл сезінемін дейді.
Таңат Тілеукенов, зейнеткер:
- Шынын айту керек бізге фитнес, жаттығу залдарына баратын мүмкіндік те, уақыт та жоқ. Ал мұнда тегін. Келіп жасаймыз. Өте қолайлы. Замандастарыма айтарым йиjга өте қолайлы, пайдалы. Йогамен дене шынықтыруға шақырамын.
Тоты Сейілова, зейнеткер:
- Йога дегеніміз адамның жаны мен тәнінің үйлесімі. Мұнда біз ең бірінші дұрыс демалуды үйренеміз. Дұрыс демалсақ оттегі бүкіл ағзаға жайылып, жақсы әсер етеді. Бірінші келгенде йоганың не екенін білген жоқпын. Айналыса келе жедел респиратора ауруларымен сирек ауырамын. Буындарым ауырмайды.
Зейнеткерлер йогадан бөлек айкуне, скандинавиялық жүріспен де шұғылданады. Астанадағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары қарияларға 21 қызмет түрін көрсетсе, соның басым бөлігі сауықтыру бағытында жүргізіледі.
Индира Балғынбекқызы, нұсқаушы:
- Айкуне жаттығулары омыртқаға арналған. Егер сіздің денеңіздегі омыртқаңыз сау болса сіздің денеңіз сау деген сөз. Өйткені біздің ағзамыз омыртқамен байланысты. Біздің апалардың бәрі зейнеткер. Олар жасына қарамастан өте белсенді. Тек белсенді болмай сапалы белсенділікті таңдап отыр.
Қариялардың өмірге деген құштарлығы мен сыр-сымбатын сақтап, денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарауы көпке үлгі. Себебі олар әдемі қартаюдың өзі бір бақыт дейді.
Мерей Қанапия, Мадияр Қындыбаев