Жамбыл облысында екі дәрігерлік амбулатория салынады
Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Құрылысқа қайтарылған активтер қаражаты пайдаланылады.
Үкімет Қордай мен Талас аудандарындағы құрылыс жұмыстарына арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл нысандарда тәулігіне 45 адамға қызмет көрсетіледі. Жоба «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Бұған дейін жоспарланған 30 нысанның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады.