Репродуктивті денсаулық апталығы қорытындыланды

Репродуктивті денсаулық апталығында 360 мыңға жуық адам, арнайы дәріс тыңдап, дәрігерден кеңес алды.

Денсаулық сақтау министрлігі апталық қорытындысын жасады. Бес күн бойы еліміздің барлық өңіріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары мен Жастар денсаулығы орталықтарында, Ашық есік күндері өтті. Осы уақыт аралығында республика бойынша 14350 іс-шара өткізілген. Мәселен, гинеколог, уролог, инфекционист сынды, түрлі мамандардың қатысуымен 3636 ағартушылық кездесу мен дәріс өткізілді.