Алтай ауданына МРТ аппараты орнатылады

Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауыл тұрғындары үшін магнитті резонансты томографиядан өту қиын, деп хабарлайды 24kz.

Кезекке жазылып, сол күнді өткізіп алмай тексеріске үлгеру науқастар үшін нағыз сынақ деуге болады. Енді өңірде бұл мәселе біртіндеп шешіле бастады. Алтай ауданының орталығына МРТ құрылғысы орнатылады. Қазір жеке ғимарат салу үшін дайындық жұмыстары басталып кетті.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Мунира Байдалинаның белім ауырды деп жатып қалатын кезі көп. Сондықтан аурухананы жиі жағалайды. Дәрігерлер диагнозды нақты  анықтау үшін магнитті резонансты томографиядан өту керектігін айтқан. Бірақ ондай құрылғы тек Өскеменде бар.

Мунира Байдалина, Алтай қаласының тұрғыны:

- Бұрын Өскеменге барып, жазылу керек, оған уақытымен кіру керек. Бізге өте қиын болатын, қыста, әсіресе, ары-бері жүрген ауыр.Енді осы жерге бізге МРТ орнағалы жатқаны жақы болды, өзімізге ыңғайлы.

Аурухана ішінде осыған дейі инсульт орталығы, рентген кабинеті, ангиографиялық блок ашылған. Сондықтан МРТ аппараты үшін мұнда жеке нысан салынбақ. Қазір жер дайындалып жатыр. Мердігер компания өкілдері  уақыттың тығыз, қиындықтың көп екенін жасырмайды.

Эльдар Ақтамбаев, құрылыс учаскесінің бастығы:

- Ең қиыны, бұл жерде электр желісін тарту.Өйткені 450 метр қашықтықта қосылатын жеріміз. Оның барлығын қазып, бері қарай тарту 450 метр, өте оңай жұмыс емес.

«МРТ құрылғысы шалғайдағы ел-жұрт үшін аудай қажет», - дейді дәрігерлер. Себебі Алтай ауданымен қоса, Үлкен Нарын мен Қатонқарағайдан жылына 2500-3000-ға жуық адамға осы тексерістен өтуге жолдама беріледі.

Олжас Нұрекенов, Алтай ауданы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері:

- Алтай қаласының тұрғындары ғана емес, Қатонқарағай Үлкен Нарын тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік.Өйткені олар Өскемен қаласына бармай-ақ осында келіп. мына МРТ-дан өте алады.

Мердігер компания маңызды жабдық болатын нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды көздейді. Жалпы соңғы екі жылда ауыл-аймақтағы медциналық мекемелерге мыңнан астам жаңа медициналық құрылғы қойылды.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов