Әлемде сүт безі обыры дендеп барады

Әлемде сүт безі обырынан жыл сайын 43 мыңнан астам әйел көз жұмады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі осындай. Қатерлі ісіктің бұл түрі Қазақстанда да жиі тіркеліп жатыр. Мамандардың айтуынша, елде жыл сайын 5 мыңға жуық әйел осындай дертке шалдығады. Өкінішке орай, оның мыңнан астамы қайтыс болған. Аурудан айығудың ең тиімді жолы медициналық тексеруден уақтылы өту және күтіну - дейді дәрігерлер. Қазан айы бойы елде Сүт безі обырының алдын алу айлығы өтеді. Дәрігерлер тұрғындарды медициналық тексеруден өткізіп, кеңес береді. 

Сүт безі обыры           

өлім-жітім

әлемде 43,2 мың адам

Қазақстанда 1,2 мың адам

Елде жыл сайын 5 мың науқас тіркеледі