Ауылдарда дәріханалар ашу жоспарланған. LIVE

Халық арасында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 11%-ға төмендеді. Әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препараттар бағасы 20%-дан астам төмендеген. Антибиотиктер және қабынуға қарсы препараттар құны бойынша да өзгеріс байқалады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов хабарлады. Бағадағы өзгерістер осы жылдың қазан айындағы бөлшек сауда желісін мониторингтеу нәтижесінде анықталған.