Елде 2 млн 400 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған
Елде 2 млн 400 мыңнан астам адам жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырған. Сырқаттанғандардың 60 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен. Дегенмен тиісті кезеңде белсенділік байқалады. Қазір тұмау 2 мың 295 адамда зертханалық жағдайда расталды. Ауырғандардың басым бөлігінде гонконгтық штамм анықталған. Астанада вирустың өршуіне байланысты санитарлық шаралар күшейтіліп, мектептерде таңғы фильтр енгізілді.
Енді оқушылар сабақ басталмас бұрын, ал балабақша бүлдіршіндері мен педагогтар алдын ала медициналық тексерістен өтеді.