Жамбыл облысында 22 бала астан уланды
Жамбыл облысы Меркі ауданында 22 бала астан уланды. Ұшынып қалған жасөспірімдер Қызылорда облысынан келген.
Балалар грек-рим күресінен оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін, жергілікті демалыс орталығына жайқасқан. Қазір санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бизнес нысанын тексеріп жатыр. Бұл жағдай аудандық полиция бөлімінің де жіті бақылауына алынды. Демалыс орнына 103 спортшы мен 13 жаттықтырушы орналасқан.
Мейірхан Өмірбек, Меркі ауданы әкімінің орынбасары:
- Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде. Денсаулықтары қалыпты, түнімен дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. 22 қаңтар күні ертеңгілік 21 бала толықтай дәрігерлердің тексеруінен қайта өтті. жағдайларының жақсы болуына байланысты ауруханадан шығарылды. Демалыс орнында қалған балалардың барлығы бақылауға алынған. Олардан ауру белгісі анықталған жоқ.