Елімізде қызылша жұқтырғандардың 96 пайызы – балалар
Елде қызылшамен ауырудың жағдайы жиіледі. Соңғы үш аптаның өзінде 403 адамның вирус жұқтырғаны расталды.
Оның көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Сырқаттанғандардың 28 пайызы – 1 жасқа толмаған сәбилер. Қызылшаны жұқтыру жағдайлары әсіресе бір мен төрт жас аралығындағы балалар арасында көп. Науқастардың 60 пайызы осы жастағы балалар. Айта кетерлігі, ауру жұқтырған балалардың 385-і қызылшаға қарсы екпе алмағаны белгілі болды. Оның ішінде 257 жағдайда ата-аналары екпеден бас тартыпты. Жасына жетпегендіктен егілмегені – 112 бала. Егу мерзімін өткізіп алғандар саны – 9. Медициналық қарсы көрсетілімі болғандықтан жеті бала екпе алмаған.