Дәрігерлер науқастың жүрегіндегі кардиостимуляторды қашықтан басқара алады
Ақтаулық дәрігерлер науқастың жүрегіндегі кардиостимуляторды қашықтан бақылау жүйесіне қосты.
Мұндай емдік шара батыс аймағында алғаш рет қолданылды. Тараз тұрғынына күрделі операция жеке емханалардың бірінде жасалды. Имплантталған құрылғының жұмысын цифрлық жүйе арқылы тәулік бойы бақылауға болады. Дәрігер жүрек соғысы мен кардиостимулятордың көрсеткішін көріп отырады. Енді емделушіге емханаға жиі барудың қажетті жоқ.
Арман Айназаров, кардиохирург:
- Науқастың көңіл-күйі жақсы, операциядан кейін өзін жақсы сезініп отыр. Мұндай кардиостимулятор жасанды интеллектпен қамтылған. Қажет болған жағдайда ғана ол жүректің соғысын реттеп отырады. Қалған уақытта бақылау қызметін атқарады.