Қызылша дерті тыйылмай тұр
Қызылша дерті ел бойынша әлі де тыйылар емес.
Биылдың өзінде екі мыңнан астам жағдай тіркелген. Оның жартысынан көбі бес жасқа дейінгі балалар. Мамандар қызылшаның ең тез таралатын жұқпалы инфекциялардың бірі екенін айтып, оның алдын алудың ең тиімді жолы уақытылы екпе салдыру екенін ескертеді.
Асылжан Құрманғали, тілші:
- Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Солай десек те, жұқпалы инфекцияға қарсы екпе алудан үзілді-кесілді бас тартқан адамдар қарасы көп. Мәселен 2024 жылы 20 мыңнан астам адам вакцина салдырмаса, былтыр олардың қатары тағы бес мыңға көбейген. Екпеден не себепті қорқатынын маман былайша түсіндірді.
Мәдина Орысбаева, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы:
- Олардың себептеріне келсек. Олардың 60% ына келсек жеке наным сенімдер- яғни өзінің қорқыныштары, ішкі қорқыныштары, вакцинадан кейінгі әсерлері қорқыныштары болуы мүмкін. Сонымен қатар діни көзқарастарға қарсы 16% дан астам адам қарсы болып отыр. Және де вакцинадан кейінгі әсерлерден қорқудан 15% адам қарсы.
Асылжан Құрманғали, тілші:
-Осыған байланысты тиісті ведомство бақылауды күшейткенін айтады. Алдын алу мақсатында ата-аналармен түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұқпалы ауру балалар арасында кеңінен таралғандықтан, мамандар ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцина алуға шақырады.
Мәдина Орысбаева, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы:
- Ол ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 1 жаста және 6 жаста балалар жатады. Сол балаларға 700 мыңдай балаға екпе егеміз. Сонымен қатар екпені өткізіп алған балалар бар 18 жасқа дейінгі балалардан. Сол балаларға толықтыра иммунизация жүргізіліп жатыр.
Асылжан Құрманғали, тілші:
- Иә, бақылау күшейтілді. Алайда көпшіліктің көкейіндегі үрей көбеймесе тыйылар емес. Жел сөзге ергендер салдарын көріп жатыр. Ал асқынған қызылша ауыр жағдайға, не болмаса емі жоқ дертке алып келуі мүмкін.
Роза Утегенова, №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары:
- Амнезия дейміз соның арқасында 10-15 жасқа келген бала ауырса қызылшамен 1 жасырда екі жасында, 10-15 жасқа келгенде ол жаңағы теріс дамуы мүмкін, бәрін ұмытып қалуы мүмкін. Полицифолит дейтін ауру ол емделпейді. Оның емі жоқ не болмаса мүгедек болып қалады, не болмаса өлім жағдайын алып келеді. Сондықтан ата-аналарға айтатынымыз балаларыңызға екпе ектіріңіздер, қорықпаңыздар!
Асылжан Құрманғали, тілші:
- Маманның айтуынша, мұндай асқынулардың ең ауыр түрі орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан бастап, бедеулікке дейін алып келуі мүмкін.
Роза Утегенова, №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары:
- Қызамық, қыз балалар болашақ аналар, егерде олар екпені алмаса жүкті болған жағдайда бірінші кезеңінде баланы түсікке алып келеді немесе өліп туылуына алып келеді не болмаса әртүрлі дұрыс жетілмеуіне әкеліп соғады. Кейінгі жүктілік мерзімдерінде қызылшамен ауырса іштен туа біткен бірнеше ауруларға әкеліп соғады.
Ал паратит ер балаларға қауіпті келешекте балалары болмай қалуы мүмкін.
Асылжан Құрманғали, тілші:
- Биыл ел бойынша қызылшаның 1951 жағдайы тіркелген. Оның 1667-сі – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 71 жағдай жасөспірімдер арасында анықталса, 213 дерек ересектерге тиесілі. Ауру жұқтырғандардың 79 пайызы вакцина алмаған. Оның ішінде 59 пайызы екпеден саналы түрде бас тартқан азаматтар.
Қызылша – 2025 жылғы жағдайлар
Жалпы тіркелген жағдай: 1951
14 жасқа дейінгі балалар арасында – 1667
Жасөспірімдер арасында – 71
Ересектер арасында – 213
Вакцина алу жағдайы:
Вакцина алмағандар – 79%
Саналы түрде бас тартқандар – 59%
Асылжан Құрманғали, Қанат Махмутов