БҚО-да қызылшаға шалдыққандар көбейген
Батыс Қазақстан облысында қызылша дертіне шалдыққандар саны көбейіп барады.
Өткен жылы өңірде бұл аурумен 21 адам ауырса, биыл жыл басынан бері 41 адамнан қызылша анықталған. Науқастардың 37-сі – жасы 14-ке толмаған, бұрын індетке қарсы екпе алмаған балалар. Мамандардың айтуынша, аурудың таралуына вакцинацияның уақытылы жүргізілмеуі әсер етіп отыр. Осыған байланысты алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта облыста эпидемиялық паротитке, қызылша мен қызамыққа қарсы 44 мың доза вакцина қоры бар, ол толықтай жеткілікті. Қаңтар айында қосымша иммундау аясында қалада 57 балаға вакцина егілген.
Гүлдана Кереева, БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Қызылша ауруына қарсы екпені алу, уақтылы алу – барлық ата-аналарға кеңес болып табылады. Негізінен осы қызылша ауруының алдын-алу үшін адамдардың көп шоғырланатын жерлерінде сақтық шараларын сақтау және ауырған жағдайда жедел жәрдемге тездетіп хабарласу керек.